Алматыда тағы 2 адам коронавирустан айықты

Алматыда тағы 2 адам коронавирустан айықты

Алматыда тағы 2 адам коронавирустан айықты
ашық дереккөзі
Алматы қаласында коронавирустан екі адам емделіп шықты.  Соңғы дерек бойынша, Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 93 жағдайы тіркелді. Қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда 81 науқас емделуде. Олардың бірі – Алматы облысының тұрғыны. 68 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жағдайы ауыр, 11 ересек адамның жағдайы орташа ауыр (олардың біреуі облыстан). Бүгінгі күні инфекциялық стационардан екі адам жазылып шықты. Екеуі де– әйел,  біреуі 15 наурызда Ыстамбұл – Алматы рейсімен, екіншісі 22 наурызда Египеттен келген.  Барлық шығарылғандар саны - 13, оның ішінде екеуі – бала. Провизорлық орталықтарда бүгінде 613 адам карантинде тұр, оның ішінде 79-ы балалар.