Алматыда тағы 2 адам коронавирустан айықты

Алматы қаласында коронавирустан екі адам емделіп шықты. 

Соңғы дерек бойынша, Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 93 жағдайы тіркелді. Қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда 81 науқас емделуде. Олардың бірі – Алматы облысының тұрғыны. 68 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жағдайы ауыр, 11 ересек адамның жағдайы орташа ауыр (олардың біреуі облыстан).

Бүгінгі күні инфекциялық стационардан екі адам жазылып шықты. Екеуі де– әйел,  біреуі 15 наурызда Ыстамбұл – Алматы рейсімен, екіншісі 22 наурызда Египеттен келген.  Барлық шығарылғандар саны – 13, оның ішінде екеуі – бала. Провизорлық орталықтарда бүгінде 613 адам карантинде тұр, оның ішінде 79-ы балалар.

Back to top button