Алматыда коронавирусты анықтайтын зертханалар қатары екі есе көбейеді

Алматыда коронавирус инфекциясын анықтайтын зертханалар саны екі есеге көбейеді. Бұл туралы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова мәлімдеді.

Департамент басшысының айтуынша, жақында Алматыда тағы 3 зертхана коронавирус инфекцияларын анықтауға көшеді.

«Зертханалар санына келсек, бізде егер бұған дейін 3 зертхана жұмыс істеп тұрса, тағы 3 зертхана қосылады. Олардың бірі Корея мен Қазақстанның бірігіп ашқан жекеменшік зертханасы. Бұл ұйымның арнайы рұқсат құжаттары бар. Сондай-ақ, «Олимп» клиникалық диагностикалық зертханасының да арнайы рұқсаты бар. Сосын СПИД орталықтың лабораториясы қосылатын болды», – деді Айзат Молдақасымова.

Оның айтуынша, «Олимп» КДЗ бірнеше күннен соң жұмысқа кіріседі. Ал Корея-қазақстандық бірлескен компания жұмыс істеп жатыр. ЖИТС орталық жұмыс материалдарын жеткізу бойынша келісімшарт жүргізуде. 

 

Back to top button