Коронавирус жұқтырған қазақстандықтардың саны 453-ке жетті

Коронавирус жұқтырған қазақстандықтардың саны 453-ке жетті

Коронавирус жұқтырған қазақстандықтардың саны 453-ке жетті
ашық дереккөзі
3 сəуір күнгі сағат 14:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 5 адам анықталды, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы. Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 5 адам тіркелді. Алматы қаласында  2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында 3 адамнан вирус анықталды. Осылайша елімізде кеселге шалдыққандардың жалпы саны 453 адамға жетті. Олардың ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 199, Алматы қаласында – 93, Қызылорда облысында – 26, Қарағанды облысында – 22, Атырау облысында – 20, Ақмола облысында – 19, СҚО-да –18, Түркістан облысында – 16, Шымкент қаласында – 11, Алматы облысында – 9, Ақтөбе облысында – 7, Жамбыл облысында – 6, ШҚО-да – 3, БҚО-да – 2, Павлодар облысында – 1, Маңғыстау облысында – 1 адам індет жұқтырған.