Даниал Ахметовтың бірінші орынбасары тағайындалды

Даниал Ахметовтың бірінші орынбасары тағайындалды

Даниал Ахметовтың бірінші орынбасары тағайындалды
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың бірінші орынбасары болып Асмасхан Сматлаев тағайындалды.  Ол осыған дейін аймақ басшысының экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары болып қызмет еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алмасхан Сматлаев Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Қаржы университетін және Блумберг университетін (Пенсильвания, АҚШ) тәмәмдаған. «Экономика», «халықаралық экономика», «қаржы және кредит» мамандықтары бойынша төрт жоғары білімі бар. Сонымен қатар ол мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі атанған. 2009-2011 жылдары - «Корал Групп» компаниясы бас директорының орынбасары болып қызмет етті. 2011-2012 жылдары - «Сервис и Технологии ИНВЕСТ» компаниясының бас директоры. 2012-2014 жылдары - Еуразиялық экономикалық комиссиясында кеңесші. 2014 жылдан бастап облыс әкімі аппаратында жұмыс істеген ол экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын басқарды. 2018 жылдан осы уақытқа дейін облыс әкімінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары болып қызмет еткен.