СҚО-да төрт жасар баладан коронавирус анықталды
СҚО-да төрт жасар баладан коронавирус анықталды
Солтүстік Қазақстан облысында 2015 жылы туған бала Covid-19 індетін жұқтырған.
СҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер бала – Петропавл қаласының тұрғыны. Ол провизорлық стационарда әкесімен бірге жатқан. Карантинге шығарар алдында жасалған талдау оң нәтиже берді. Қазір бүлдіршін Петропавл қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды.