Ресейліктердің демалысы 30 сәуірге дейін ұзартылды

Ресейліктердің демалысы 30 сәуірге дейін ұзартылды

Ресейліктердің демалысы 30 сәуірге дейін ұзартылды
ашық дереккөзі
Ресейліктердің демалысы 30 сәуірге дейін созылды. Сәуірдің соңына дейін ел тұрғындарының еңбекақысы сақталады. Бұл Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді, деп хабарлайды Life.ru.  "Әрі қарай не істейміз деген сұрақ туады. Шараларды қолдана отырып, қауіптің әлі да бар екенін түсіну қажет. Вирусолог мамандардың пайымдауынша, әлемдегі эпидемия әлі де болса жетер шыңына жетпеді. Осыған байланысты шешім қабылдадым: жұмыс істемейтін күндер режимі жалақысы сақталған күйінде 30 сәуірге дейін ұзартылсын", – деді Путин. Мемлекет басшысы егер орын алған жағдай мүмкіндік тудырса, жұмыс істемейтін күндер режимін қысқарту жағына қарай реттелетінін жеткізді. Айта кетейік, бұған дейін коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупіне байланысты Владимир Путиннің қашықтан жұмыс істеу режиміне көшкені туралы жазғанбыз.