Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 1 милионнан асып жығылды

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 1 милионнан асып жығылды

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 1 милионнан асып жығылды
ашық дереккөзі
Әлемде коронавирус індетін жұқтырғандардың жалпы саны 1 млн 16 мың адамға жетті. Кеселден 52 957 адам көз жұмды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады.  Коронавируспен екінші рет ауырғандар саны 200 мыңнан асқан. Сондай-ақ індеттен 208 131 адамның айыққаны белгілі болып отыр. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Германия COVID-19 инфекциясын жұқтырғанда саны бойынша Қытайдан озған. Еуропалық елде 85 мыңнан аса адам індетке шалдықты. Вирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ көш бастап тұр. Соңғы тәулікте бұл елде тағы 24 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталған. Ал Испанияда 112 мың адамнан COVID-19 анықталып, әлем бойынша Италиядан кейінгі үшінші орында тұр. Ал Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 435-ке жетті. Кеселден 27 адам айығып шықты, 3 адам көз жұмды.