Қазақстан сыртқы нарықтан 3 млрд доллар қарыз алады

Қазақстан сыртқы нарықтан 3 млрд доллар қарыз алады

Қазақстан сыртқы нарықтан 3 млрд доллар қарыз алады
ашық дереккөзі
Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін Қазақстан сыртқы нарықтан 3 миллиард АҚШ доллар қарыз алады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен ҚР Үкіметінің резервінен қаражат бөлу мәселесіне арналған баспасөз конференциясында Қаржы министрінің орынбасары мәлімдеді.  «Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін 2,4 трлн теңге қарыз алу қажет. Оның ішінде біз 3 млрд АҚШ долларына жуық капиталды шетелдік нарықтан қарызға алуды жоспарлап отырмыз», - деді  Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов. Вице-министр ішкі нарықтан 2,5 трлн теңге қарызға алынатынын айтты. Оның ішінде 700 миллиард теңге «Жұмыспен қамтудың жол картасын» қаржыландыруға жұмсалады. Оны «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі жергілікті атқарушы органдардың қарыздық міндеттемелерін сатып алу арқылы алады. Қалған қаражатты Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер бір триллион теңгеге дейін жеткізілетін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыруға береді. Сонымен қатар, ішкі капитал нарығында «Бәйтерек» холдингін орналастыру арқылы тұрғын үй құрылысын кеңейтуге 390 млрд теңге қарастырылған.