Шымкентте 200 орындық жедел госпиталь салынуы мүмкін
Шымкентте 200 орындық жедел госпиталь салынуы мүмкін
Шымкент қаласында 200 орындық жедел госпиталь салу жоспарлануда.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауованың хабарлауынша, қалада 1 456 төсек орынға арналған карантиндік стационарлар қарастырылған. Дегенмен, бүгінгі күні 200 төсек-орынды жедел салынатын инфекциялық госпиталь салу қажеттілігі туындап, аталмыш мәселе қарастырылып жатыр.
«Қала бойынша қажет төсек-орындар, госпитальдар толық дайын. Нақтырақ айтқанда, қалада барлығы 680 төсек-орынға арналған провизорлық стационарлар бар. Мәселен, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында – 180 төсек, «Мейірім» оңалту орталығында - 120 төсек, «Атамекен» медициналық орталығында - 380 төсек орын дайындалған», - дейді А.Бекбауова.