Жаңалықтар

Алматыда коронавирус жұқтырған 11-науқас ауруханадан шықты

ашық дереккөзі

Алматыда коронавирус жұқтырған 11-науқас ауруханадан шықты

Алматыда тағы бір науқас коронавирус дертінен емделіп, ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Қазіргі уақытта Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 90 жағдайы тіркелді. Инфекциялық стационарларда  80 адам жатыр, оның ішінде 1 бала бар. 68 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жай-күйі – ауыр, 10 ересек адамның жай-күйі орташа ауырлық деңгейінде (1 облыстық). Барлық емдеуге жатқызылғандардың ішінде екі жағдай – бұған дейін анықталған пациенттермен байланыста болған адамдар. Барлық байланысқан адамдар бүгінгі күні табылған және оқшаулауға орналастырылған. Covid-19-дан сауығып, тағы бір пациент ауруханадан шығарылды. Жалпы, қазіргі уақытта коронавирустық инфекция расталған, сауығып ауруханадан шығарылғандар саны 11 адамға жетті.  Провизорлық орталықтарда барлығы 619 адам бар, оның ішінде 81-і — бала. Екі күндік карантиндік оқшаулауда 520 адам жатыр, оның ішінде 50-і — бала. Үй карантинінде 3853 азамат бар.