Жаңалықтар

Карантинде де қайыр бар

ашық дереккөзі

Карантинде де қайыр бар

Үйде отырыңыз! Дәл қазір қауіпті індеттің жаппай таралуына жол бермеудің жалғыз амалы осы. Үйде отыру – үйдей пәледен сақ­тану ғана емес, үйіліп қалған біраз шаруаны тындыруға зор мүм­кін­дік  емес пе?! Осындай оймен карантин кезінде немен ай­на­лы­сып жатқанын сұрап, есімін ел танитын азаматтарға хабарласқан едік. Асанәлі ӘШІМОВ, Қазақстан және КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:

Естеліктер жазып жатырмын

– Бүгінде барлық саланың мамандары үйде отырып жұмыс істеп жатыр. Жазу­шы­лар – карантинге дейін де үйде отырып жұ­мыс істеуге үйренген қауым. Ал жұмыс іс­тейтін жазушылардың өміріне бұл індет өз­геріс әкелді деуге болады. Өзім Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлт­тық өнер академиясының профессорымын, ки­но драматургиядан дәріс беремін. Қа­шық­тықтан оқуға көшкен студенттерге он­лайн дәріс оқып жүрмін. Бірақ шығар­ма­шылық тоқтаған жоқ, кітап оқу мен жазу жүріп жатыр. Мен соңғы 20 жылдан бері тек сце­на­рий жазумен ғана айналысып, қара сөзге жо­ламай, прозадан аулақ кетіп қалған бо­ла­тынмын. Мұным қара сөзге деген құр­меттен, махаббаттан туындаған еді. Адам соны тым қастерлегеннен кейін де қара сөз­ге басын ауырта беруге сескенеді. Ал бі­рақ осы қыста мен бір естелік жазуға отыр­дым. Оны жазуға себеп болған 4-сы­нып­та оқитын немерем. Қарап отырсам, Б.Соқпақбаев пен С.Мұратбектің про­за­ларынан кейін балаларға арналған тар­тымды жазылған, қызықты прозалық шы­ғармалар жоқтың қасы екен. Содан бүкіл жазушыларға үндеу жариялау керек екен деген ой келді. Бірақ соңынан осы жұртқа үндеу жасап жатқанша жұмыс істеу керек қой деп ойладым. Қолымнан келсе өзім жазуым керек деп, «Балалық шақ» атты естеліктер топтамасын бастаған бола­тын­мын. Міне, қазір сол тұтасымен балаларға ар­­налған шығармамды аяқтап қалдым. Бү­гінгі таңда Құдай Тағаладан бала-ша­ға­мыз­дың, жақын жуығымыздың, хал­қы­мыздың амандығын тілеумен отырмыз. Қо­лы­мыздан келері тәр­тіп­ке бағыну деп біле­мін.   Әбділхамит РАЙЫМБЕРГЕНОВ, күйші, өнер зерттеушісі, Мәдениет қайраткері:

Күйші Қазанғаптың кітабын даярлап жатырмын

– Карантин режимі басталғалы бері бі­раз үй шаруасын еңсеріп тастадық. Жер үйде тұрғаннан кейін үйге қарап, аула­мыз­ды тазалап, бау-бақша жерін де аударып қой­дық. Ауа райы кішкене салқындау бо­лып тұр, әйтпесе егінді де салып жіберуге бо­­­латын еді. Үй шаруасынан бөлек шығарма­шы­лық­қа да уақыт табылып жатыр. Ең әуелі ре­пер­туарымды реттеп, жыр-термелерді қа­рап, кітап оқып жатырмын. Ұмыт қалған, айтылмай кеткен жыр-термелерді қайта еске түсіріп, бұрын студияда жазылған ән­дерді әлеуметтік желі арқылы халықпен бө­лістім. Соның бірі Мұрат Мұстафаұлы жазған «Бір шәугім шәй» әні. Ауылдағы ата­мыздың қара шаңырағы, анамыздың қара шәугімі мен шәйі қашанда есімізде, сағы­на­мыз, ұмытпаймыз, бірақ ауылға ат ізін көп салмаймыз. Амандық болса, осы жазда ауылға барып осы әнге бейнебаян түсірсем деген ой келді. Ауыл да бұрынғыдай емес, біздің балалық шағымыздағы үйлердің орнына бүгінде еңселі үйлер бой көтерді. Ауыл­да әжеміздің көзі деп бұзылмай тұрған үй бар. Сол үйді құлатып тастамай тұр­ғанда ауылымды, анам жаққан ошақты, өзім өскен шаңырақты бейнебаянға тү­сірсем деймін. Өзім осы карантин күндерінде онлайн концерт беру туралы ойымды ұйымдас­тыру­шыларға айтқан болатынмын. Өзім үйде отырып жасайын десем, сүйемелдейтін музыкалық аспаптар жоқ. Әлі де осы онлайн концерт беруге дайындалып жүрмін. Мүмкін әлеуметтік желі арқылы үй жағдайында домбырамен концерт беремін деген жоспарым бар.   Жанел МАҚАЖАН, театр және кино актрисасы:

Өзімді жаңа қырымнан танып жатырмын

– Карантин уақытында көптен жос­пар­лап жүрген, бастап аяқталмай қалған дү­ние­лерді қолға алып жатырмын. Мәселен, дра­матургия саласында орыс тілінен қазақ тіліне екі аударманы аяқтадым. Олар жапон жазушысы Кобо Абэнің «Таяққа ай­нал­ған адам» пьесасы және қырғыз дра­ма­тургы Мар Байджиевтің «Дуэл» деген дра­масы. Өзім жазған «Екеу» деген пьесамды аяқ­тап, «Мәдениет» порталында жариялап, оқыр­манға ұсындым. Пьесада аты айтып тұр­ғандай екі-ақ кейіпкер бар. «Екеу» дра­матургия саласында махаббат тақырыбына жаз­ған алғашқы лирикалық драма. Бұдан бө­лек «Жалғыздық», «Омарташы», «Дала­дағы силуэт» деген үш әңгімемді жазып аяқ­­тадым. Саналы ғұмырын хакім Абайды зерт­теуге арнаған текстолог, әдебиеттанушы Қайым Мұхамедханұлы туралы ғылыми-публицистикалық мақала жазуға кірістім. Ме­нің мақсатым – Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында жалпы жұртшы­лық­қа Қайым Мұхамедханұлының абайтануға сіңір­ген еңбегі туралы жеткізу. Өзінің идея­сы үшін сотталып, түрмеде отырса да сол идеясынан бас тартпаған тұлғаны халық тануы керек деп есептеймін. Сонымен қа­тар мәдениеттану, дінтану, әлеуметтану, пси­хоанализ салаларына қатысты жиып қой­ған кітаптарымды оқуға да уақыт та­былып жатыр. Олжас ҚАСЫМ, ақын, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері:

Балаларға арналған топтамамды аяқтадым