Мархабат Байғұт: Пәрменді парасат қажет
Мархабат Байғұт: Пәрменді парасат қажет
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дүние-әлемді дендеген дертке байланысты жасаған мәлімдемесі көкейіміздегіні дөп басты. Мемлекетіміздің мерейі, елдігіміздің сапасы сезілгендей сезіндік. Әлеуметтік-экономикалық ахуалға анық та айқын талдама жасады. Таразылады. Сындарлы, осындай кезеңде не істемек керегін, нендей нақтылы тірліктер жасалып жатқанын саралап, сараптап берді.
Әсіресе, дәрігерлер хақында берген бағасы мен оларға жасалатын ынталандыру шараларына риза болдық. Жасыратыны жоқ, жұртшылық дәрігерлер, медициналық қызмет туралы үстірт, орынсыз пікірлер, өсек-аяңдар айтатын. Енді ондай артық нәрселерді абайлау керек шығар.
Әлемдегі елдердің бәріне, Қазақстанға да қауіп төніп тұрғаны рас. Бірақ кесел-кесапатты жеңу үшін Президент айтқандай бірлік пен ынтымақ, темірдей тәртіп, жоғары жауапкершілік керек. Әл-Фараби меңзегендей, бәйекшіл парасат, әрекетшіл парасат, пәрменді парасат қажет!