Мархабат Байғұт: Пәрменді парасат қажет

Мархабат Байғұт: Пәрменді парасат қажет

Мархабат Байғұт: Пәрменді парасат қажет
ашық дереккөзі
– Мемлекет басшысы Қасым-Жо­март То­қаевтың дүние-әлемді дендеген дертке байланысты жасаған мәлім­де­месі көкейі­міздегіні дөп басты. Мемлекетіміздің ме­рейі, ел­дігіміздің сапасы сезілгендей сезін­дік. Әлеуметтік-эко­но­микалық ахуалға анық та айқын талдама жасады. Тара­зы­лады. Сын­дарлы, осындай кезеңде не істе­мек керегін, нендей нақ­тылы тірліктер жа­­салып жатқанын саралап, сараптап бер­ді. Әсіресе, дәрігерлер хақында берген бағасы мен оларға жа­салатын ынталандыру шараларына риза болдық. Жа­сыратыны жоқ, жұртшылық дәрігерлер, медициналық қызмет туралы үстірт, орынсыз пікірлер, өсек-аяңдар айтатын. Енді ондай артық нәр­селерді абайлау керек шығар. Әлемдегі елдердің бәріне, Қазақстанға да қауіп төніп тұр­ғаны рас. Бірақ кесел-ке­сапатты жеңу үшін Президент айтқан­дай бір­лік пен ынтымақ, темірдей тәртіп, жо­ғары жауапкер­шілік керек. Әл-Фараби мең­зегендей, бәйекшіл парасат, әре­кет­шіл пара­сат, пәрменді парасат қажет!