Айдос Сарым: Халыққа көрсетілген көмек көп ұзамай экономиканың игілігіне айналады

Айдос Сарым: Халыққа көрсетілген көмек көп ұзамай экономиканың игілігіне айналады

Айдос Сарым: Халыққа көрсетілген көмек көп ұзамай экономиканың игілігіне айналады
ашық дереккөзі
– Президент Үндеуінде айтылған шара­лар еліміздің әлеуметтік, эконо­микалық тұ­рақ­тылығын сақтап қалуға ба­ғытталып отыр. Меніңше, бұл дер кезінде қолға алын­ған шаралар. Мем­лекет басшысы халықты са­бырға ша­қыратын салмақты ұсыныстар айтты. Бұл – популизм емес, мем­лекеттің, республикалық бюджеттің, Ұлттық қордың мүмкіндіктерін ескере отырып ұсынылған, ақылға салып таразыланған қадам­дар. Бұған дейін мемлекеттік қолдау негізінен корпоративтік секторға бағытталатын. Елдегі сұранысты қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте банктерге көмек көрсетілді. Одан кейін құрылыс саласын жандандыруға көп қаражат бөлінді. Енді бұл жолы қоғамға, нақтырақ айтқанда, қазақстандықтардың басым бөлігінің табыс көзіне айналған шағын және орта бизнеске қолдау көрсетілмек. Коронавирустың таралуына байланысты төтенше жағдай режимінің енгізілуі, шектеу шараларының күшейтілуі ең әуелі, қоғамдық тамақтану орындары, сауда орталықтары, көлік, туризм салаларының жұмысын тұралатты. Жұмыс берушілер қызмет­кер­лерін жұмыстан шығаруға, жалақысын қысқартуға мәжбүр болды. Мемлекет өз азаматтарын қиындықта қал­дыр­мас үшін табысынан айырыл­ғандарға 42 500 теңге көлемінде көмек көрсетпек. Бастапқыда бұл көмек 1,5 мил­лион адамды қамтитыны айтылса, Мемлекет басшысы өз Үндеуінде бұл қол­­дауға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркел­мей жұмыс істей­тіндер де ие болатынын жеткізді. Мемлекет тарапынан 3 миллионға жуық аза­матқа көмек көрсетілмек. Мұн­дай қолдауға ие болған тұрғындар берілген қара­жатты ең басты қажеттіліктерді өтеуге жұмсайтыны анық. Өз дүкен­дері­мізден азық-түлік алады, ауыл-аймақтағы фермерлеріміз өсірген көкөністерді сатып алады. Яғни, бұл айналып келгенде экономикамызға оралатын қаржы. 3 млн азаматқа 3 айда 900 млн доллар төленетін болса, бұл қаражат көп ұзамай ша­ғын және орта бизнестің айналымына түседі.