Қасым-Жомарт Тоқаев: Ешкімді көмексіз қалдырмаймыз

Еліміздегі төтенше жағ­дай­ға және мемлекеттің дағ­да­рыс­қа қарсы іс-шараларына бай­ла­ныс­­ты Қазақстан Рес­пуб­лика­сы­­ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мә­лім­деме жа­сады.

Құрметті отандастар!

Қазір бүкіл әлем бұрын-соңды бол­ма­ған күрделі жағдаймен бетпе-бет келіп отыр.

Коронавирус індеті дүние жүзін жай­лап барады.

Бүгінде 177 мемлекетте 800 мыңға жуық адам осы дертке шалдықты.

Оны жұқтырғандар саны күннен-күн­ге артуда.

Біз төтенше жағдай жариялап, Қазақ­стан­да вирустың жаппай таралуына жол бер­медік.

Соның арқасында ахуалды бақылауда ұстап отырмыз.

Халқы Қазақстанмен шамалас кейбір ел­дерде коронавирусқа шалдыққандар он­даған есе көп.

Мен елорда мен Алматыда ғана емес, еліміздің барлық өңірінде карантинді күшейтуді тапсырдым.

Барша қазақстандықтарға сабыр сақ­тап, түсіністік танытқаны үшін алғы­сым­ды айтамын.

Біз дүрбелең тудыруға жол бермейміз.

Дәл осы кезде халық мемлекетке қол­дау көрсетуі керек.

Бұл – аса маңызды.

Коронавирус – батпандап кіріп, мыс­қал­­дап шығатын қауіпті дерт.

Дегенмен, біз індетке шалдыққан адам­дар­ға барлық қажетті көмекті көрсетеміз.

Бүгінде бүкіл еліміз дәрігерлер мен ме­дицина қызметкерлерінің қайсарлығына тәнті болуда.

Олар – адам өміріне араша түсіп жат­қан бүгінгі күннің батырлары.

Сондықтан пандемияға қарсы күрестің ал­дыңғы легінде жүргендерге қосымша қол­­дау көрсету жөнінде шешім қабыл­да­дым.

Дәрігерлерге және медицина қыз­мет­кер­леріне 3 ай бойы қосымша үстемеақы төленеді.

Медицина қызметкерлерінің өмірін сақ­тандыру мәселесі де шешімін тапты.

Әрине, ақ халатты абзал жандар бұдан да зор қолдауға лайық.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері мен әс­кери қызметшілерге де айрықша алғыс біл­діремін.

Төтенше жағдай режимінің қашанда эко­номикалық және әлеуметтік салдары бо­лады.

Біз үшін азаматтардың денсаулығымен қатар олардың өз табысынан айырылмауы да маңызды.

Мен бұған дейін дағдарысқа қарсы ал­ғаш­қы шаралар топтамасын жарияладым. Үкі­мет пен әкімдер оны жүзеге асыруды бас­тады.

Жағдайдың ушыға түскенін ескеріп, аза­маттарға және бизнеске одан әрі қолдау көр­сету жөнінде мынадай қосымша ше­шім­дер қабылдадым.

Бірінші. Инфляцияның артуына бай­ланысты зейнетақы, мемлекеттік жәр­де­ма­қы және атаулы әлеуметтік көмек мөл­ше­­рін жылдық өлшеммен алғанда 10 пайыз­­ға индексациялауды тапсырамын.

Осыған орай, аталған санаттағы аза­мат­тардың табысын арттыру үшін мем­ле­кет тарапынан 200 миллиард теңгеден ас­­там қаражат бөлінеді.

Екінші. Биылғы 23 наурызда та­бы­сынан айырылған аза-маттарға ең төменгі жа­лақы мөлшерінде қолдау көрсетілетіні туралы айттым.

Енді осы көмекті алатын азаматтардың са­натын кеңейтуді тапсырамын.

42 500 теңге көлеміндегі бұл қаражат бұрын тұрақты жұ-мыс істеп, жалақы ал­ған­дарға ғана емес, сондай-ақ өзін-өзі жұ­­­мыс­пен қамтыған және ресми тіркелмей ең­бек ететін азаматтарымызға да берілуге тиіс.

Мұндай көмекті алу үшін олар өздері­нің мәртебесін бекітуге тиіс. Содан кейін атал­ған азаматтар төтенше жағдай к­е­зеңін­де мемлекеттен ай сайын әлеуметтік кө­мек алып отырады.

Еш жерде көрсетілмесе де жеткілікті та­бысы бар адамдар осы төлемді алу үшін өті­нім беруі мүмкін.

Бұған дейін де осындай жағдай бол­ғаны жасырын емес.

Бірақ кейбір жауапсыз адамдардың ке­сірінен шын мәнінде көмекке мұқтаж жүз мыңдаған азаматымызды қолдаусыз қалдыра алмаймыз.

Жалпы, 23 наурызда және бүгін жа­рия­ланған шаралардың нәтижесінде 3 мил­лионға жуық азаматымызға көмек көр­се­тіледі.

Үшінші. Міндетті әлеуметтік ме­ди­­ци­­­налық сақтандыру жүйесі бойынша сақтандырылмаған азаматтардың меди­ци­­налық көмек алу құқығын 1 сәуірден 1 шіл­­­деге дейін ұзартуды тапсырамын.

Аталған сақтандыру жүйесінде болу-бол­мауына қарамастан, осы кезеңде аза­мат­тарымызға толық медициналық кө­мек көрсетілуге тиіс.

Төртінші. Тұрмысқа қажетті зат­тар мен азық-түлікті тегін алатын аза­мат­тар­дың санатын кеңейту керек.

Мұндай көмек түрі қосымша 1-ші, 2-ші, 3-ші топтағы мүгедектерге, мүгедек ба­ла­лар­ға және жұмыссыз ретінде тір­келген аза­маттарға берілуі қажет.

Осындай шара арқылы 800 мыңнан ас­там адамға көмек көрсетеміз.

Бұл ретте тұрмысқа қажетті заттар
мен азық-түліктің шекті мөлшерін бекіт­кен жөн.

Жергілікті шағын және орта бизнесті өнім өндіру және оны жеткізу ісіне жұ­мыл­дыру қажет.

Үкімет отандық ІТ компанияларды әлеу­­меттік қолдауға бөлінген қаражат­тың мақ­сатқа сай жұмсалуына тиімді мони­то­ринг жүргізетін платформа әзірлеу жұ­мы­сына тартуы керек.

Алдағы уақытта мұндай көмекті зат­тай емес, азаматтардың өздері таңдап, са­тып алуы үшін қаржылай беруге көш­кен
жөн.

Бесінші. Көктемгі егіс науқанын уа­қы­тылы өткізу аса маңызды.

Бюджеттен 70 миллиард теңге бөлі­неді. Бұл қаражат шаруаларға «Аграрлық несие кор­порациясы» АҚ арқылы бе­рі­леді. Оның үсте­меақысы 5 пайыздан ас­пайды.

Осы мақсатқа «Қарапайым заттар эко­­но­микасы» бағдар-ламасы арқылы қо­сым­ша 100 миллиард теңге бөлуді тап­сырамын.

Аталған бағдарлама аясындағы түпкі мөл­шерлеме барлық салалар бойынша біріз­дендіріліп 6 пайыз болды.

Ең алдымен шағын және орта шаруа қо­жалықтарына қолдау көрсеткен жөн.

Сонымен қатар Үкіметке жанармай­дың на­рықтық бағасын 15 пайызға ар­зан­датып, 165 теңгеге дейін төмендету мін­деті жүктелді.

Осыны қамтамасыз ету үшін 390 мың тон­­на жанармай жеңілдікпен сатылатын бо­­лады.

Арзан жанармай шаруаларға дейін же­туге тиіс. Оны жеткізетін «оператор­лар­дың» жұ­мысы толығымен ашық болуы керек.

Үкімет пен Бас прокуратура өңірлер­де тиіс­ті бақылау мен қадағалау жұмыс­та­рын қам­тамасыз етуге тиіс.

Карантин жағдайында күрделене тү­се­тін бірқатар мәселе бар.

Бұл – кепілге қойылған мүлікті ха­лық­қа қызмет көрсету ор-талықтарында ре­сімдеу, нотариалды куәландыру, қо­сал­қы бөлшектер сатып-алу және т.б.

Сондықтан Үкімет пен әкімдіктер көк­темгі егіс науқанын ерекше бақылауға алуы керек.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда әр күніміздің маңызы зор.

Алтыншы. Карантинге байла­ныс­ты елорда, Алматы және Шымкент қа­лалары төңірегінде еңбекке жарамды, бі­рақ жұмыссыз қалған азаматтардың са­ны арта түсті. Бұл, ең алдымен, жастар­ға қатысты.

Үкімет пен әкімдер «Жұмыспен қам­ту жол картасы» аясында аталған өңір­лер­де нақты жобаларды жүзеге асыруды де­реу қолға алуы қажет.

Азаматтарымыздың табыс көзі болу­ға тиіс. Олар күнін көре алмай құрсауда қа­ма­лып отырмауы керек.

«Жұмыспен қамту жол картасы» ая­сында жұмыс істеуге ниет білдірген аза­маттарға ең төменгі мөлшердегі екі жа­лақы немесе 85 000 теңге төленеді. Мұны олар бірден жұмыс орнына келген кезде алады.

Бұл тұрақты жалақысы емес, соған қо­сымша ретінде беріледі.

Осыған орай арнайы мобильді орын­дар ашылып, әкімдіктер түсіндіру жұ­мыс­тарын жүргізеді, коронавирусқа қа­тыс­ты экспресс-тест алып, жұмысшы­лар­ды жұмылдыруды және жаңа жұмыс орнына дейін жеткізуді ұйымдастырады.

Жұмыс берушілер «Жұмыспен қамту жол картасы» бойын-ша еңбек ететін­дер­дің бәріне лайықты жағдай жасап, қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге тиіс.

Жетінші. Мен бұған дейін шағын жә­не орта бизнесті қол-дауға арналған шара­ларды жарияладым.

Бұл – салық жеңілдіктері, қарызды өтеу мерзімін шегеру және тағы басқа ша­ралар.

Шағын және орта бизнес өкілдерінің ұсы­ныстарына келетін болсақ, олардың кө­бі қазірдің өзінде қолдау тауып, құ­зыр­лы органдар тарапынан жүзеге асы­рылып жатыр.

Соның ішінде мемлекеттік қолдау ша­раларына сай келетін қызмет түрлерін кеңейту, несиенің үстемеақысын төмен-дету және біріздендіру, мемлекеттік ке­піл­діктердің көлемін арттыру жұ­мыс­тары қамтылған.

Қаржы нарығын реттеу агенттігі ша­ғын және орта бизнестің несиелерін өтеу мерзімін ұзарту, төлемді қайта қарастыру мә­селелері бойынша банктермен, басқа да қаржы ұйымдарымен жұмыс жүр­гізуде.

Осы мәселеге жеке тоқталып өткен жөн.

Көптеген кәсіпкер төтенше жағдай ке­зінде несиенің пайыздық үстемеақы­сын есептемеу үшін банктерге тапсырма беруді сұрап отыр.

Мұндай қадам банктерді шығынға ұшырататынын түсінуі-міз керек. Олар да біздің экономикамыздың ажырамас бөлігі.

Дегенмен, мен тағы да екінші деңгей­дегі банктерден азаматтық жауапкерші­лік пен түсіністік танытуды сұраймын.

Банктер қиын жағдайға тап болғанда мем­лекет оларға айтарлықтай көмек берді.

Қазір сіздер халыққа және отандық биз­неске қолдау көрсе-тулеріңіз керек.

Қажет болған жағдайда мемлекет та­рапынан қосымша нұс-қаулық шара­лар қолға алынады.

Жағдай одан әрі ушығатын болса, Үкі­мет пен қаржы сала-сының құзырлы ор­ган­дары бұл мәселені шешу үшін тиіс­ті шаралар қабылдайды.

Келесі мәселе. Кәсіпкерлеріміз салық­тық жүктемені азайтуға қатысты қосым­ша қолдауға мұқтаж. Бұл жұмыс орын­да­рын сақтау және жалақы төлеу үшін аса маңызды.

Сондықтан экономиканың ең көп зар­дап шеккен сек-торларындағы шағын жә­не орта бизнес өкілдері 6 айға (биыл­ғы 1 сәуірден 1 қазанға дейін) еңбекақы тө­леу қорынан ұсталатын салықтан жә­не басқа да төлемдерден босатылады.

Бұл қоғамдық тамақтану, сауда, көлік қыз­меті, консульта-циялық қызмет, ІТ, қо­нақүй, туризм және басқа да салаларды қам­тиды.

Оның нақты тізімін төтенше жағдай ре­жимін қамтамасыз ету жөніндегі мем­лекеттік комиссия бекітіп, қажет болған жағ­дайда толықтырып отырады.

Кәсіпкерлердің үндеуінде дағдарыс ке­зеңінде салық төле-меу туралы өтініш бол­ғанын айтқан едім.

Осы орайда мынадай мәселені атап өткім келеді.

Тиісті жедел шешім қабылданды. Менің тапсырмам бойын-ша Үкімет шағын және орта кәсіп иелерінің барлық салық төлемдерін 3 айға тоқтатты.

Бұл қазіргі қалыптасқан жағдайда салықтан босатылғанымен, оның кейін төленуі керектігін білдіреді.

Сонымен қатар біз экономикалық ахуалды жан-жақты бағамдап отырмыз. Алдағы жағдайға байланысты түпкілікті шешім қабылдаймыз.

Келесі мәселе. Үкімет еліміз үшін маңыз­ды импорт тауар-ларына салы­натын баж салығын алып тастау мә­се­ле­сіне қатысты Еуразия экономикалық ода­ғындағы серіктестерімізбен жұмыс жүргізуде.

Жеке қорғаныс құралдары, өндіріске қа­жетті шикізат, вакциналар мен диаг­ностикаға арналған құрал-жабдықтар жөнінде тиісті шешім қабылданды.

Өз елімізде жеткілікті емес азық-тү­лік тауарларына салынатын импорттық баж салығын төмендету бойынша жұмыс жалғасуда.

Үкімет отандық бизнестің сұраныс­та­рын ескеріп, аталған жұмысты жедел­деткені жөн.

Сондай-ақ жергілікті шағын және орта бизнестің әлеуетін пайдалану
қа­жет. Бұл – өте маңызды мәселе.

Әкімдіктер және Үкімет («Мем­ле­кет­тік азық-түлік корпо-рациясы» арқылы) отандық агро және қайта өңдеу кәсіп­орын­дарынан кемінде 6 ай бұрын өнімді са­тып алудың кепілді жүйесін жолға қою­ға тиіс. Басқаша айтқанда, «алдын ала сатып алу» немесе «алынған өнім бойы­н­ша сатып алу» тетігін енгізуі керек.

Кәсіпорындардың өзара ықпалдас­ты­ғының нақты жолын анықтау қажет, яғни егістік басынан дүкен сөресіне дейін­гі тізбекті айқындап, оларды жеңіл­детілген несиемен қамтамасыз ету қажет.

Бұл ретте бизнес өкілдері өндіріс кө­­­лемін қамтамасыз ету, тұрақты бағаны ұстап тұру, жұмыспен қамту және өзіне жүк­телген басқа да міндеттерді жауап­кершілікпен орындауға тиіс.

Сегізінші. Аталған шаралар топта­ма­сын жүзеге асыру үшін Үкіметке және Ұлттық банкке барлық қажетті қаражат көз­дерін пайдалануды тапсырамын. Со­ның ішінде Мемлекеттік әлеуметтік сақ­тандыру қоры, Ұлттық банктің ресурс­тары мен құралдары да бар.

Тұңғыш Президентіміз – Елбасы құр­ған Ұлттық қордың қаржысын ұтымды пай­далануымыз керек.

Бөлінген қаражатты нақты эконо­ми­каға жедел әрі тиісті деңгейде жеткізу үшін мемлекеттік даму институттары ар­­­қылы қаржыландыру мүмкіндігін де қа­растырған жөн. Олардың қатарында «Бәй­терек», «Аграрлық несие кор­по­рация­сы» және басқалары бар.

Осындай қолдау түрі өзге де жеңіл­дік­тер сияқты экспорттық әлеуеті бар тез дамып келе жатқан орта деңгейдегі ком­панияларға арналуы тиіс. Мұндай ком­паниялар дағдарыстан кейінгі ке­зеңдегі негізгі «қозғаушы күшке» айнала ала­ды.

Тағы бір мәселе. Дағдарысқа қарсы ша­ралардың ауқымы мен қаржылық ре­сурстардың көлеміне байланысты бөлініп жатқан қаражаттың мақсатқа сай әрі тиімді жұмсалуының, азаматтарға және бизнеске қолдау көрсету кезінде ашық­тық пен айқындық қағидатын
қам­тамасыз етудің маңызы арта түседі.

Бұл міндет Есеп комитетіне жүк­теле­ді. Бұл жұмысқа аймақтық ревизиялық ко­миссияларды, қоғамдық кеңестерді де жұ­мылдыру қажет.

Осы ретте төтенше жағдайда қойы­ла­тын арнайы талаптар да ескерілуі ке­рек.

 

Қадірлі ағайын!

Коронавирус індетіне байланысты бар­шамыз күрделі кезеңді бастап өткеріп отырмыз.

Бірақ бұл – уақытша қиындық.

Біз мұны міндетті түрде жеңеміз!

Бүкіл әлем күресуде. Біз де бар күш-жі­­­герімізді саламыз.

Біз, мемлекет және қоғам болып бар­ша азаматтарымызға қолдау көрсетеміз, еш­кімді көмексіз қалдырмаймыз.

Мұқтаж адамдарға қол ұшын береміз.

Бұған ешқандай күмән болмауы ке­рек.

Қоғамдағы береке-бірлік  күш-қуа­ты­мызды арттырады.

Осы ретте індетті жұқтырған аза­мат­тарға да қолдау білдіргім келеді. Еш мойы­маңыздар! Бұл ауру қаншалықты қауіпті болғанымен, одан емделіп шығу­ға болады. Сіздерге көмектесу үшін бар­лық жағдайды жасаймыз.

Ең бастысы, шыдамдылық, төзімділік жә­не жауапкершілік танытайық.

Біз – рухы асқақ, бірлігі бекем, еңсесі биік халықпыз.

Сондықтан бұл сынақтан да сүрінбей өтіп, қиындықты бірге еңсереміз деп се­не­мін.

Басты тойларымыз әлі алда.

Төрт құбыламыз түгел болсын, ағайын!

Біз біргеміз!

Back to top button