Жаңалықтар

«Birgemiz» қорына түскен қаржы көлемі жарияланды

ашық дереккөзі

«Birgemiz» қорына түскен қаржы көлемі жарияланды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Birgemiz» қорына қанша қаржы түскенін мәлімдеді.  «Birgemiz» қорына тоқталсақ, бүгінде қорға 13 млрд теңге түсті. Қаржы ашықтығын қамтамасыз ету үшін барлық өңірде қор өкілдіктері ашылды», - деді министр «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен. Министр қордың сайты іске қосылғанын атап өтті. «Онда келіп түскен қаражат пен шығындар жарияланады, тіпті, чектерге дейін көрсетіледі. Қазір әр өңірде көмекке мұқтаж адамдардың тізімі жасалуда. Олар жақын уақытта қордан көмек алады», - деді Дәурен Абаев. Айта кетейік, Елбасы бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қорына еліміздің барлық өңірінен қайырымдылық ретінде қаражат түсіп жатыр. Бұған дейін «Birgemiz» қоғамдық қоры ұстанатын негізгі 10 қағида жарияланған еді.