Жаңалықтар

Ай сайын азық-түлік топтамасын алатын азаматтар санаты нақтыланды

ашық дереккөзі

Ай сайын азық-түлік топтамасын алатын азаматтар санаты нақтыланды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ай сайын азық-түлік топтамасын кімдер алатынын айтты.  «Мемлекет басшысы азық-түлік топтамасын алатын азаматтардың санатын белгілеу жөнінде міндет жүктеді. Азық-түлік топтамасын алу мүмкіндігі кімге беріледі? Оны атаулы әлеуметтік көмек алып жүрген отбасындағы барлық бала алады. Барлық топ бойынша мүгедектер (елімізде 695 мың) де, мүгедек баланы қарап отырған ата-ана, ресми түрде тіркелген жұмыссыз адамдар да азық-түлік топтамасына ие болады. Қазақстанда айына шамамен 1,5 млн адамға азық-түлік топтамасы беріледі. Оны іс жүзіне жергілікті әкімдер іске асырады», - деді Біржан Нұрымбетов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Айта кетейік, бұған дейін  азаматтардың 42 500 теңге көлеміндегі мемлекеттік көмекті алу жөніндегі өтінішін қабылдайтын арнайы сайт ашылатынын хабарлағанбыз.