1 Сәуір, 18:14 670 0 Аймақ Анар ЛЕПЕСОВА

Шымкенттегі «Сайрам-1» шағын ауданы карантинге жабылды

Коронавирус жұқтырған үшінші науқас осы шағын ауданда тұрған, деп хабарлайды otyrar.kz.

«Сайрам-1» шағын ауданы карантинге жабылды. Осы аумақта «санитарлық-эпидемиологиялық шаралар күшейтілетін болады», – деді қаланың бас санитарлық  дәрігері Әбдіманап Төлебаев.

Шымкенттің бас санитарлық дәрігері қала тұрғындарынан карантин шараларын қатаң сақтауды сұрайды. Вирустан сақтанудың тиімді жолы осы екенін айтып отыр.

Айта кетейік, елімізде 372 адам коронавирус жұқтырды. Нұр-Сұлтан қаласында – 184, Алматы қаласында – 84, Қызылорда облысында – 25, Атырау облысында – 16, Ақмола облысында – 16, Қарағанды облысында – 14, Алматы облысында – 9, Түркістан облысында – 5, Ақтөбе облысында – 4, Жамбыл облысында – 3, СҚО – 3, Шымкент қаласында – 3, ШҚО – 2, БҚО – 2, Павлодар облысында – 1, Маңғыстау облысында – 1 адам індетке шалдыққан.

Соңғы жаңалықтар