Қазақстанның үш қаласында дәрігерлер коронавирус жұқтырды

Қазақстанның үш қаласында дәрігерлер коронавирус жұқтырды

Қазақстанның үш қаласында дәрігерлер коронавирус жұқтырды
ашық дереккөзі
Қазақстанның үш қаласында медицина мамандары коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.  «Жаңа қаулыда медицина қызметкерлерінің инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету алгоритмі мен жұмыс жағдайына, науқастармен байланысқа қарай жеке қорғаныс құралдарын қолдану талаптары арнайы қосымшада бекітілді. Бұл тарау өте маңызды әрі өзекті, коронавируспен күресте алдыңғы шепте тұрған медициналық мамандарды қорғауымыз қажет», - деді А.Есмағамбетова.  Бас санитардың айтуынша, еліміздің бірнеше өңірінде медициналық мамандар вирус жұқтырған. «Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларында коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі бар топпен тікелей байланыста болған медицина қызметкерлерінің індет жұқтыру жағдайлары тіркелді», - деді А. Есмағамбетова. Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 372 адамға жетті. 24 адам бұл аурудан емделіп шықты. Індеттен 3 адам қайтыс болды.