«Jas Otan»: еріктілер жұмысы уақытша тоқтады
«Jas Otan»: еріктілер жұмысы уақытша тоқтады
Қазіргі төтенше жағдайдың күрделенуін ескере отырып, «Jas Otan» еріктілер жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев фейсбук-парақшасында жазды.
Құрметті достар! Шұғыл ақпарат!
Елбасы тапсырмасы бойынша Мемлекет басшысының бастамасымен «Біз біргеміз!» акциясы аясында соңғы 2 апта көлемінде еліміздің барлық аймақтарында МК «Jas Otan» және «Nur Otan» партиясының волонтерларымен 20 мыңнан астам мұқтаж отбасыларға, сондай-ақ жалғыз басты қарттар мен ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды сақтану шараларын ұстана отырып, «контактсыз» бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз етілді.
Осының барлығы волонтерлардың көмегімен іске асырылды!
⠀
Волонтерлар – біздің заманымыздың бүгінгі қаһармандары! Барша волонтерларға жасаған жұмыстары үшін үлкен алғысымды білдіремін! Сіздермен еліміздің жарқын болашағына сенімдіміз!
⠀
Жағдайдың күрделенуін ескере отырып, «Jas Otan» осы жұмысты уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.
⠀
Халқымыздың және еріктілердің денсаулығына қауіп төндірмес үшін барлық ұйымдарды, біздің ұйымның үлгісінде шешім қабылдауға шақырамыз.
⠀
Тағы да баршаңызға осы күндерде бізбен бірге болғандарыңызға алғыс айтамыз.