Сәуір айында ауа райы қандай болады?

Сәуір айында ауа райы қандай болады?

Сәуір айында ауа райы қандай болады?
ашық дереккөзі
Сәуір айында барикалық құрылымдардың жиі ауысуымен және атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын, көбінесе жаңбыр, жел және температураның ауытқуы күтіледі, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, бірінші онкүндіктің басында еліміздің солтүстік жартысында ауа райы түнде -5+5°C, күндіз +7+18°С болады. Оңтүстік жартысында түнде +5+13°C, күндіз +15+23°С, оңтүстік өңірдің өзге аймақтарында +28°С. Онкүндіктің ортасына таман Ресейдің Еуропалық аумақтарынан антициклонның келуіне байланысты ауа температурасының солтүстік жартысында түнде -3-8°С, күндіз +2+10°C болады. Онкүндіктің соңында елдің оңтүстік жартысына антициклон ықпал етіп, ауа температурасы төмендейді. Түнде термометр бағаны +3+8°C-қа дейін, күндіз +10+15°С-қа дейін, шеткі оңтүстігінде 22°С-қа дейін төмендейді. Екінші онкүндіктің ортасында және үшінші онкүндіктің екінші жартысында күн суыта түседі: елдің солтүстік жартысында түнде -3 +7°С, күндіз +2+13°С; оңтүстік жартысында түнде 0, +10°, күндіз + 12 +22°. Екінші және үшінші онкүндікте жылы ауа массаларының келуінен ауа температурасы күндіз солтүстік өңірлерде +17+22°С, оңтүстік өңірлерде +25+30°С-қа дейін жылиды. «Ескерту: сәуір айына арналған консультативтік болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетілуі мүмкін және онкүндік болжамдармен нақтыланатын болады», – делінген хабарламада.