Коронавирус жұқтырғандар саны 369 адамға жетті

Коронавирус жұқтырғандар саны 369 адамға жетті

Коронавирус жұқтырғандар саны 369 адамға жетті
ашық дереккөзі
coronavirus2020.kz сайтының мәліметінше, коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 жағдай Қызылорда облысында тіркелді. Осымен Қазақстан бойынша барлығы 369 адамнан коронавирус анықталып отыр. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласы – 184, Алматы қаласы – 84, Шымкент қаласы – 3, Ақмола облысы – 16, Ақтөбе облысы – 3, Алматы облысы – 8, Атырау облысы – 16, Шығыс Қазақстан облысы – 2, Жамбыл облысы – 3, Батыс Қазақстан облысы – 2, Қарағанды облысы – 14, Қызылорда облысы – 24, Маңғыстау облысы – 1, Павлодар облысы – 1, Солтүстік Қазақстан облысы – 3, Түркістан облысында 5 адам тіркелді. Өкінішке қарай, Қазақстан бойынша коронавирус пандемиясынан осы сәтке дейін 3 адам қайтыс болды.