1 Сәуір, 10:31 1149 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Коронавируспен күрес: Түркия президенті 7 айлық жалақысын аударды

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған «Біз бізге жетеміз Түркия» деген ұранмен ұлттық ынтымақтастық науқанын бастады, – деп жазды TRT.

Бүкіл әлемге ықпал еткен жаңа типті коронавирус (Covid-19) эпидемиясына қарсы қабылданған шаралар аясында тұрмысы төмен азаматтарға қосымша қолдау көрсету үшін «Біз бізге жетеміз Түркия» ұранымен ұлттық ынтымақтастық науқаны басталғанын жариялаған Ердоған «Мен науқанды 7 айлық жалақымды беру арқылы ашамын» деді.

Кабинет жиналысы кезінде бұл науқанды министрлердің де қолдағанын атап көрсеткен Түркия президенті ең үлкен демеуді кәсіпкерлер мен қайырымдылық жасаушылардан күтетінін айтты.

«Аймақ басшыларымен бірге, біз жиналған ақшаның мұқтаждарға жеткізілуін қамтамасыз етеміз», – деді Ердоған.

Соңғы жаңалықтар