42 500 теңге көмек алатын азаматтардың санаты кеңеймек

42 500 теңге көмек алатын азаматтардың санаты кеңеймек

42 500 теңге көмек алатын азаматтардың санаты кеңеймек
ашық дереккөзі
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардың эфирінен еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларға байланысты жариялаған мәлімдемесінде төтенше жағдай режимінің қашанда экономикалық және әлеуметтік салдары болатынын атап өтті. – Біз үшін азаматтардың денсаулығымен қатар олардың өз табысынан айырылмауы да маңызды. Мен бұған дейін Дағдарысқа қарсы алғашқы шаралар топтамасын жарияладым. Жағдайдың ушыға түскенін ескеріп, азаматтарға және бизнеске одан әрі қолдау көрсету жөнінде мынадай қосымша шешімдер қабылдадым. Инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялауды тапсырдым. Осыған орай, аталған санаттағы азаматтардың табысын арттыру үшін мемлекет тарапынан 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді. Табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде қолдау көрсеттік. Енді, 42500 теңге көлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді тапсырамын. Соған орай, бұл қолдауға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де ие болады. Бұл көмек белгіленген тәртіп бойынша шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана беріледі. Жалпы, 3 миллионға жуық азаматымызға қолдау көрсетіледі, – деді Мемлекет басшысы.