Алматыда 9 індет ошағында шектеу шаралары алынды

Алматыда 9 індет ошағында шектеу шаралары алынды

Алматыда 9 індет ошағында шектеу шаралары алынды
ашық дереккөзі
Алматыда инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты 9 індет ошағында шектеу шаралары алынды. Бұл туралы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті мәлімдеді. Атап айтсақ, Медеу ауданында – Зенков көшесі 59-үй; Достық көшесі 162-үй; Гоголь көшесі 75-үй; Түрксіб ауданы – Алтай-1 шағын ауданы 8-үй; «Жас қанат» шағын ауданы 86-үй; Б.Майлин көшесі 77-үй; Спасск көшесі 63а-үй; Жетісу ауданында – Еңлікгүл көшесі 34а-үй; Бостандық ауданы – Тұрғыт Өзал көшесі 242-үй. Департаменттің 31 наурыздағы мәліметіне сәйкес, Алматы аумағында коронавирус инфекциясының 27 аймағы белгіленген.