Төтенше жағдай: министр ҰБТ-ны өткізу мерзіміне қатысты түсініктеме берді

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жазғы каникулды қысқарту мен ҰБТ өткізу мерзіміне қатысты түсініктеме берді.

ҚазАқпараттың жазуынша, Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте министр: «Тоқсандық демалысқа бір апта ерте шығу оқу жылын ұзартуды қажет етпейді. Қазіргі уақытта мұндай мәселе қарастырылып жатқан жоқ. Жазғы каникулды қысқарту да жоспарымызда жоқ. Алдағы уақытта күтпеген оқиғалар болып жатса, ойлануымыз мүмкін. Бірақ, әзірге бұл мәселе көтерілген жоқ», – деп жауап берді.

Сонымен бірге, министр ҰБТ өткізу мерзімі туралы сұрақтарға жауап берді.

«ҰБТ-ны маусым айының аяғында өткізу жоспарланған, оны да ауыстыруға еш қажеттілік жоқ. ҰБТ сынама тесттерін ақысыз өткізу бойынша жағдай жасадық. Тестілеудің 70 нұсқасын тегін ҰБТ сайтына шығардық, көптеген балалар сынама тесттен тегін өтіп жатыр», – деді министр.

Back to top button