Қашықтықтан оқыту кезінде ұстаздардың жалақысы кемімейді

Қашықтықтан оқыту кезінде ұстаздардың жалақысы кемімейді

Қашықтықтан оқыту кезінде ұстаздардың жалақысы кемімейді
ашық дереккөзі
Қашықтан оқыту форматы ұстаздардың еңбекақысына әсер етпеуі тиіс. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жағдайды осылай түсіндірді. ҚазАқпараттың жазуынша, Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте министр: «Қашықтан оқыту форматы жалақыға еш әсер етпеуі керек, жалақы да азаймауы керек. Өйткені әріптестеріміз сол баяғы жұмыс көлемін атқарады. Дайындық жұмыстары әдеттегіден де көп болатын кездері болады. Сондықтан, мұғалімдердің жалақысын өзгертпеу туралы тапсырма бердік. Бұл тапсырма арнайы бұйрықта нақты бекітілген», – деп жауап берді. Еске сала кетсек, еліміздегі төтенше жағдайға байланысты мектеп оқушылары, ЖОО және колледж студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілді.