Сақ болыңыз, дезинфекциялау кезінде сыртқа шықпаңыз – әкім

Сақ болыңыз, дезинфекциялау кезінде сыртқа шықпаңыз – әкім

Сақ болыңыз, дезинфекциялау кезінде сыртқа шықпаңыз – әкім
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, бүгінге дейін елордада 1900 подъезде дезинфекциялау жұмысы жүргізілген. «Қаладағы дезинфекция айтарлықтай күрделі жұмыс. Бұл іске Қарулы күштердің әскерилері де араласты. Дәл қазіргі уақытта қаланы дезинфекциялау жұмысына 475 адам атсалысуда. Жартысы – әскерилер. Қалғаны біздің мамандар мен дезинфекциямен айналысатын арнайы компанияның өкілдері. Ең бірінші кезекте біз инфекция ошақтарын өңдейміз. Мәселен қазіргі таңда шаһарда 10 ұйым карантиге жабылған. Оның ішінде №1 автобус паркі де барын білесіздер. Сонымен қатар карантинге жабылған нысандардың ішінде жатақханалар, екі медициналық ұйым бар. Ең алдымен, коронавирус анықталған адамның үйіндегі подъезді тазаладық», –деді Алтай Көлгінов Тенгриньюс.кз порталына берген тікелей эфирдегі сұхбатында. Қала басшысы, сонымен қатар, дезинфекциялау жұмысы аялдамаларда, жаяу жүргіншілер жолында жүргізіліп жатқанын айтып өтті. «Қазір біз негізінен подъездерге баса маңыз беріп отырмыз. Не үшін бұл күрделі жұмыс деп айтып отырмын. Мәселен дезинфекциялаушы бір адамның арқасында 10 келілік жүкпен күні бойы жұмыс істейді. Бүгін таңертеңге дейін біз 1900 подъезді дезинфекцияладық. Бұл – 500-ге тарта үй», – деді ол. Оның айтуынша көше мен аулада адам қаншалық аз болса, коронавирустың таралу қаупі соншалықты төмен. «Бұл препараттар адамдардың өміріне қауіпті болса, пайдаланбас едік. Бірақ бұл препарат – антивирус. Сол себепті ол шашылып жатқан кезде аулақ болу керек. Жалпы, қауіпсіз дегенімізбен құрамында хлор бар. Бұл мәселеге де барлық қауіпсіздік нормасын сақтай отырып қарау керек. Сол себепті подъездерді өңдеу кезінде қала тұрғындарына шықпауды сұраймыз», – деді ол.