Нұр-Сұлтанда коронавирустан тағы 1 адам көз жұмды
31 наурыз, 2020 /
Асыл ТҰМАР
Нұр-Сұлтанда коронавирустан тағы 1 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус індетінен 1 адам көз жұмды, – деп жазды coronavirus2020.kz.
Қазақстан бойынша осымен екінші адам індеттен қайтыс болып отыр.
Қайтыс болған науқасты жедел-жәрдем қызметкерлері 2020 жылдың 21 наурызында ауруханаға жатқызған, жасы – 50-де.
Бір ай көлемінде ауырып жүрген, бірақ медициналық көмекке жүгінбеген.
Жұмыс бабымен жиі іс-сапарларға шығып отырған.
Марқұммен байланыста болған туған-туыстары мен әріптестері, барлығы – 31 адам ауруханаға жатқызылды, тағы 55 адам үй карантиніне оқшауланды.
Марқұмның отбасындағы екі адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.