Бүгін жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

31 наурыз күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тек оңтүстікте, оңтүстік-батыста және батыста жаңбыр күтіледі, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Жекелеген өңірлерде екпінді жел болжанады. Оңтүстікте найзағай, түнде шаңды дауыл, ал шығыста түнде және таңертең тұман болжанады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Түнде және күндіз жел 15-20, кей жерлерде 23 м/с, күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз жел 15-20 м/с артады.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23, күндіз 28 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жел 18 м/с күшейеді.

Back to top button