Жаңалықтар

BIRGEMIZ: 18 мыңдай отбасыға көмек көрсетілді

ашық дереккөзі

BIRGEMIZ: 18 мыңдай отбасыға көмек көрсетілді

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз» акциясының аясында Елбасының тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына коронавируспен күрес кезінде қолдау көрсетуді жалғастыруда. ⠀ Бүгінгі күні 18 мыңдай отбасыға, оның ішінде жалғыз басты қарттарға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және басқаларына көмек көрсетілді. «Nur Otan» партиясы мұның азаматтардың өтініштеріне жауап бермейтін, сондай-ақ, БАҚ пен әлеуметтік желілерде тұрғындар көтерген мәселелер бойынша өздеріне жауапкершілік алып, дер кезінде тиісті шешімдер қабылдамайтын лауазымды тұлғаларға қатысты айтылып отырғанын түсіндірді. Баспасөз-қызметінің мәліметінше, азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру үшін бұдан бөлек Call-орталық пен «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауларындағы онлайн-жүйелердің жұмысы күшейтілді. Call-орталық: 8 800 080 44 41 Электронды пошта: komek@nurotan.kz WhatsApp: 8 700 800 44 41 FB: https://www.facebook.com/profile.php?id=100034706720426 Instagram: https://www.instagram.com/halykkakomek/