Карантин кезінде тойға барғандар да жауапқа тартылады – министр

Карантин кезінде тойға барғандар да жауапқа тартылады – министр

Карантин кезінде тойға барғандар да жауапқа тартылады – министр
ашық дереккөзі
Карантин тәртібін бұзған тойды ұйымдастырушылар мен оған қатысқан қауымның заң алдында жауапкершілігі бірдей. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев мәлім етті, – деп жазды ҚазАқпарат. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабына тоқталған министр: «Атап айтқанда, бұл тұрғыда тойды ұйымдастырушылар да, сондай-ақ оған қатысушы да карантин тәртібін бұзғаны үшін бірдей жауапқа тартылады. Осы орайда 26 мың теңге сомасында айыппұл немесе 15 туәлікке дейін әкімшілік қамауға алу ескерілген», – деп атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, сот әртүрлі жағдайды назарға алады және тәртіп бұзғандарға түрлі санкциялар қолдана алады.