Коронавирустен қайтыс болғандар қайда жерленеді?

Коронавирустен қайтыс болғандар қайда жерленеді?

Коронавирустен қайтыс болғандар қайда жерленеді?
ашық дереккөзі
Алматы қаласы тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова онлайн-брифингте COVID-19 құрбандары үшін арнайы полигон белгіленгенін айтты. Айзат Молдақасымованың айтуынша, жедел штаб жерлеу алгоритмін әзірлеген. «Алматыда қаза тапқандар жоқ, бірақ шаралар қарастырылған. Арнайы алгоритмге сәйкес жерленеді. Мәйіт дереу дезинфекцияланады. Белгілі бір қорғаныс құралдарында сақталады. Жерлеуге қатысатын адамдардың саны шектеулі болмақ», – дейді Айзат Молдақасымова. Оның айтуынша, полигон қаладан тыс жерде орналасқан, маңында елдімекендер жоқ, сәйкесінше барлық қажетті қауіпсіздік шараларымен қаладан оқшауланған.