Коронавирус жұқтырған дәрігерге 2 миллион теңге сақтандыру төленеді

Коронавирус жұқтырған дәрігерге 2 миллион теңге сақтандыру төленеді

Коронавирус жұқтырған дәрігерге 2 миллион теңге сақтандыру төленеді
ашық дереккөзі
Коронавирус жұқтырған дәрігерге 2 миллион теңге мөлшерінде сақтандыру төлемі беріледі. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты. «Медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтандыру мәселесі де пысықталды. Олар ауырып қалған жағдайда 2 миллион теңге мөлшерінде сақтандыру төлемі беріледі. Құдай сақтасын, бірақ егер медициналық қызметкер қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге мөлшерінде төлемақы беріледі. Бұл жаңалық тек дәрігерлердің ғана емес, барша қазақстандықтардың рухын көтеріп, көңілін серпілтеді деп ойлаймыз», – деді Дәурен Абаев.