Аулада қараусыз ойнап жүрген балалардың ата-анасына айыппұл салынады

Көшеде және аулада ойнап жүрген балалардың ата-анасына айыппұл салынады. Бұл туралы Алматы қалалық ПД басшысы Қанат Таймерденов онлайн брифинг барысында айтты, – деп жазды ҚазАқпарат.

«Көшеде үлкен адамдардың қарауынсыз жүрген кәмелеттік жасқа толмағандар ерекше назарға алынады. Мұндай жағдайда олардың ата-анасы немесе қамқоршылары ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 476-бабы бойынша жауапқа тартылады», – деді Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ, ол 65 жастан асқан азаматтарға үйден шықпауға кеңес берді.

Back to top button