Алматыда коронавирустың 3 жаңа ошағы анықталды

Алматыда коронавирустың 3 жаңа ошағы анықталды

Алматыда коронавирустың 3 жаңа ошағы анықталды
ашық дереккөзі
Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің 30 наурыздағы мәліметіне сәйкес, Алматы аумағында коронавирустық инфекцияның 24 аймағы белгіленген. Атап айтсақ, Әуезов ауданында 4 ошақ: Жетісу-2 ш/а, 70а; Мамыр-4, ш/а, 313; №6 ш/а, 35; №1 ш/а, 28 мекенжайлары. Алатау ауданында 5 жұқтыру ошағы орналасқан. Олар – Заря-Востока ш/а, Сары-ой көшесі, 234; Ақкент ш/а, 7; Ақбұлақ ш/а, 9; Жасыл Желек көшесі, 13; Тойшыбек батыр көшесі, 121 мекенжайлары. Алмалы ауданында 3 жұқтыру ошағы: Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7 мекенжайларында орналасқан. Медеу ауданында 4 ошақ: Гоголь көшесі, 75; Қонаев көшесі, 62; Самал-3 ш/а, 25; Достық, 111/2. Жетісу ауданында 3 жұқтыру ошағы: Волочаевская көшесі, 51; Помяловский көшесі, 25; Құлагер ш/а, 45. Түрксіб ауданында 2 ошақ: Жұлдыз ш/а, 45; Жұлдыз-1 ш/а, 13. Бостандық ауданында 2 жұқтыру ошағы: Тұрғыт-Озал көшесі, 242; Науаи көшесі, 328. Наурызбай ауданында 1 жұқтыру ошағы: Береке көшесі 1/97 үй. Бұған дейін, инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты COVID-2019 ошағының 7 аймағынан шектеу шаралары алынып тасталған болатын.