30 Наурыз, 13:38 545 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Алматыда коронавирустың 3 жаңа ошағы анықталды

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің 30 наурыздағы мәліметіне сәйкес, Алматы аумағында коронавирустық инфекцияның 24 аймағы белгіленген.

Атап айтсақ, Әуезов ауданында 4 ошақ: Жетісу-2 ш/а, 70а; Мамыр-4, ш/а, 313; №6 ш/а, 35; №1 ш/а, 28 мекенжайлары.

Алатау ауданында 5 жұқтыру ошағы орналасқан. Олар – Заря-Востока ш/а, Сары-ой көшесі, 234; Ақкент ш/а, 7; Ақбұлақ ш/а, 9; Жасыл Желек көшесі, 13; Тойшыбек батыр көшесі, 121 мекенжайлары.

Алмалы ауданында 3 жұқтыру ошағы: Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7 мекенжайларында орналасқан.

Медеу ауданында 4 ошақ: Гоголь көшесі, 75; Қонаев көшесі, 62; Самал-3 ш/а, 25; Достық, 111/2.

Жетісу ауданында 3 жұқтыру ошағы: Волочаевская көшесі, 51; Помяловский көшесі, 25; Құлагер ш/а, 45.

Түрксіб ауданында 2 ошақ: Жұлдыз ш/а, 45; Жұлдыз-1 ш/а, 13.

Бостандық ауданында 2 жұқтыру ошағы: Тұрғыт-Озал көшесі, 242; Науаи көшесі, 328.

Наурызбай ауданында 1 жұқтыру ошағы: Береке көшесі 1/97 үй.

Бұған дейін, инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты COVID-2019 ошағының 7 аймағынан шектеу шаралары алынып тасталған болатын.

Соңғы жаңалықтар