Жаңалықтар

BIRGEMIZ: Қор қызметі – қоғам бақылауында

ашық дереккөзі

BIRGEMIZ: Қор қызметі – қоғам бақылауында

Елбасы, «Nur Otan» партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры коронавирусқа қарсы күрес жағдайында мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді ұйымдастыруда басшылыққа алынатын негізгі қағидаттарын белгілегенін білеміз.

Алғашқысы – ерікті жарна. Қайырымдылық көмекті бизнес өкілдері тек жеке қаражаты есебінен ерікті түрде жасайды. Бюджеттік ұйымдардан, сондай-ақ жалақыдан аударымдар қабылданбайды. Атаулы көмек. Тікелей жеке қолдау халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына (жасына байланысты COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары жандарға, коронавирустың зардабын шеккен және әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға ұшыраған тұрмысы төмен қазақстандықтарға) көрсетіледі. Әділ көмек. Көмек алушылардың тізімін анықтауда субъективті пайымдаулар мен дауларды болдырмау үшін Қор заңнама талаптарына және мемлекеттік органдардың (министрліктер мен әкімдіктердің) ресми деректеріне сүйенеді. Қолма-қол ақшасыз көмек. Барлық төлемдер, транзакциялар, есеп айырысулар тек қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады, бұл қаржы шығындарының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етеді. Отандық өндірушілерді қолдау. Әлеуметтік пакеттерді жасау үшін тауарлар тек қазақстандық өндірушілерден сатып алынады. Қор қызметі – қоғам бақылауында. Қор жұмысы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Қорға түскен қаржы мен көрсетілген көмек туралы есеп арнайы сайтта тұрақты түрде жарияланады.