30 Наурыз, 09:07 373 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Бүгін ауа райы жауын-шашынсыз болады – Қазгидромет

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

30 наурыз күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тек оңтүстік-батыста күндіз жаңбыр жаууы мүмкін. Өңірлерде тұман, екпінді жел сақталады, оңтүстікте сондай-ақ шаңды дауыл болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, 15-20 м/с желдің екпіні 23 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады. Қарағанды облысының күндіз кей жерлерінде жел 18 м/с артады.

Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде 16 м/с екпінде жел тұрады.

Соңғы жаңалықтар