Жаңалықтар

Субсидия бөлу кезінде заң бұзған облыстар анықталды

ашық дереккөзі

Субсидия бөлу кезінде заң бұзған облыстар анықталды

Үкіметтен бөліген субсидияны орын-орынсыз жұмсағандардың «қара тізімі» шықты. Шаруаларға субсидия беру кезінде заңбұзушылыққа жол бергендер қатарында Алматы облысы көш бастап тұр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен селекторлық жиында министрліктің жауапты хатшысы Арман Евниев мәлімдеді. Өткен екі жыл ішінде аймақта 2228 заң бұзушылыққа жол берілген. Ал онан кейінгі шаруашылықты дамытуға бөлінген қаржы талан-таражға салғандар сабында Жамбыл, Ақтөбе және Қызылорда облыстары тұр. "Қандай да бір заңбұзушылыққа тап болсаңыздар, Ауыл шаруашылығы министрлігі оны қарауға дайын. Сенім телефондары, министрдің блогы жұмыс істейді. Шаруа, мемлекет қаражат бөлмей жатыр, деп ойлайды. Ал бұл уақытта аймақтарда түрлі сылтаулармен құжаттар сұралып, кәсіпкерлердің жұмысын бөгейді. Немесе тиісті ақша мүлдем басқа азаматтарға бөлініп жатады" , - дейді А. Евниев. Бас прокуратара 2013-14 жылдары ауыл-аймаққа бөлінген қаржының қайда жұмсалғанын тексеріп, осындай деректерге көз жеткізген. Соңғы екі жылда ауыл шаруашылығын субсидиялауға қазынадан 82,2 миллиард теңге бөлінді. Ал жергілікті бюджеттерден қаралған қаржы 154,4 миллиард теңгеден астам. Қолдау қаржыны үлестіру заң бойынша жергілікті әкімдіктердің құзырында. Көбіне субсидия беру тәртібі бұзылып, кәсіпкерлер құқығының шектелетіні анықталды.