Ресейде коронавирустан 8 адам көз жұмды

Ресейде коронавирусқа шалдыққан 8 адам көз жұмды. Бұл туралы елдің инфекциямен күрес жөніндегі жедел штабы хабарлады.

Соңғы тәулікте 4 науқастың көз жұмғаны белгілі болды: 2 адам Мәскеуде, 1 адам Орынбор облысында және 1 адам Санкт-Петербургте қайтыс болды.

Ресейде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 1534-ке жетті. ІНдет елдің 65 өңіріне тараған. Кеселден 64 адам айықты.

Айта кетейік,  Қазақстанда 271 адам коронавирусқа шалдықты.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 166 адам, Алматы қаласында – 67 адам, Қарағанды облысында – 7, Ақмола облысында – 6 адам, Атырау облысы – 6 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 4 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 2 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам індет жұқтырды.  

Ал әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 671 мыңнан асты.Олардың 31 мыңға жуығы көз жұмды

Back to top button