Төтенше жағдай: Әлеуметтік төлем тағайындалатын азаматтар санаты көбейді

Төтенше жағдай: Әлеуметтік төлем тағайындалатын азаматтар санаты көбейді

Төтенше жағдай: Әлеуметтік төлем тағайындалатын азаматтар санаты көбейді
ашық дереккөзі
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезінде табысынан айырылу жағдайларына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жаңа әлеуметтік төлем тағайындалатын азаматтардың тізімін кеңейтті және оны тағайындау шарттары жеңілдетілді. Бұл туралы  coronavirus2020.kz сайтында хабарланды. Төлем алушылар шеңбері кеңейтілді. Бастапқыда бір адамға айына 42,5 мың теңгені (ең төменгі жалақы) құрайтын әлеуметтік төлем азаматтардың келесі санаттарына төленуі керек еді: - орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері; - жеке кәсіпкерлер; - жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор); - бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер. Енді оларға: - азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша кіріс алатын адамдар, мәні жұмыстарды орындау болып табылатын (қызметтер көрсету), салық агенттеріне міндетті зейнетақы жарналары төленген азаматтар кіреді. - карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері де қосылады.