Ғалымдар коронавирустың белсенділігі артатын температураны атады

Ғалымдар коронавирустың белсенділігі артатын температураны атады

Ғалымдар коронавирустың белсенділігі артатын температураны атады
ашық дереккөзі
Коронавирус шамамен төрт градустық температура кезінде ұзаққа дейін белсенділігін сақтайды. Егер зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілмесе, екі аптадан кейін ғана вирустың күші жойыла бастайды. Бұл туралы Гонконг университетінің MedRxiv порталында жарияланған зерттеуінде айтылған. Ғалымдардың айтуынша, жаңа вирус жоғары температураға төзімсіз. Мәселен, 70 градус кезінде оның белсенділігі бес минуттан аспайды.   Сондай-ақ, мамандар вирустың әр түрлі заттарда сақталу ұзақтығын зерттеп көрді. Коронавирус қағазда үш сағаттан артық өмір сүрсе, киім мен ағаш бұйымдарда екі күн, ал әйнекте төрт күн, пластикте жеті күнге дейін сақталатыны анықталды. SARS-CoV-2 вирусы медициналық маскаларда жеті күнге дейін белсенділігін жоймайтыны белгілі болып отыр. Сондықтан мамандар қорғаныс құралдарын үнемі зарарсыздандыру қажеттігін ескертеді. Айта кетейік, соңғы дерек бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 265 адамға жетті. Ал әлемде індетке шалдыққандар саны 670 мыңнан асып жығылды. Кесел 31 мыңға жуық адамның өмірін қиды.