29 Наурыз, 16:17 409 0 Қауіпсіздік Анар ЛЕПЕСОВА

Қостанай облысы аумағына кіруге шектеу енгізіледі

Қостанай облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі Штабтың шұғыл отырысы өтті. 

Бұл туралы облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

Штаб отырысы барысында жауапты мемлекеттік органдардың басшылары Архимед Мұхамбетовке өңірдегі қазіргі жағдайды баяндады.

«Барлық қажетті санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралар өткізілуде. Кеңес қорытындысы бойынша коронавирустық инфекцияға жол бермеу шараларын күшейту туралы шешім қабылдадық. Сондай-ақ, 31 наурызда сағат 22.00-ден бастап 10 өткізу бекетін қоя отырып, Қостанай облысының аумағына кіруге шектеу енгізіледі»,- деп жазды өңір басшысы.

Бұған дейін Қарағанды облысының бірнеше қаласы карантинге жабылатынын хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар