Жаңалықтар

Коронавирус жұқтырғандар жайлы жалған ақпарат таратқан жезқазғандық 7 жылға сотталуы мүмкін

ашық дереккөзі

Коронавирус жұқтырғандар жайлы жалған ақпарат таратқан жезқазғандық 7 жылға сотталуы мүмкін

27 наурызда «WhatsApp» мессенджеріне мониторинг жүргізу кезінде полиция қызметкерлері Жезқазған қаласында үш адам коронавирусты жұқтырғаны туралы аудиожазба таратқан әйел адам анықталды. Бұл туралы Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.  «Бұл дерек шындыққа сәйкес келмейді, ҚК 274-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату). Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 32 жастағы қала тұрғыны анықталды», - делінген департамент хабарламасында.  Қарағанды облысының полиция департаменті азаматтарды әлеуметтік желілерде пайда болған қауесеттер мен жалған ой-пікірлерге құлақ аспауға шақырады. Мемлекеттік органдардың ресми мәліметтеріне ғана негізделу қажет. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары осындай қылмыстарды жасағаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске салады.