Ертеңнен бастап Қарағанды облысында 5 қала карантинге жабылады
Ертеңнен бастап Қарағанды облысында 5 қала карантинге жабылады
Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларында 2020 жылғы 30 наурыздан бастап карантин тәртібі енгізіледі.
«2020 жылдың 29 наурызынан бастап Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің "Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларының аумағында карантин енгізу туралы" Қаулысына сәйкес аталған қалалардың аумағында 2020 жылдың 30 наурызында сағат 00.00 - ден бастап кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет пен халықтың өмір сүру жағдайы ерекше жағдайда карантин режимі енгізіледі», - деді Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігері Қанат Асқаров.