COVID-19: Қазақстанда 251 науқас тіркелді

Қазақстандағы коронавирус бойынша 29 наурыз сағат 11:30 жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 22 адам тiркелді. 

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында – 16 адам, Алматы қаласында – 4 адам, Атырау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 1 адам індет жұқтырды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 151 адам, Алматы қаласында – 64 адам, Қарағанды облысында – 7, Ақмола облысында – 6 адам, Атырау облысы – 6 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 4 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 2 адам, жалпы елімізде 251 науқас тіркелді.

 

Back to top button