Жаңалықтар

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 121 мыңнан асып жығылды

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 121 мыңнан асып жығылды

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 121 117 адамға жетті. Елде 2010 науқас көз жұмды. Соңғы тәуліктің деректері Джонс Хопкинс университетінің сайтында жарияланды.Бұған дейін  Нью-Йоркта әрбір 17 минут сайын өлім тіркелетіні жөнінде хабарланған. Бұл қала коронавирус жұқтыру деректерінің саны жөнінен АҚШ-та көш бастап тұр.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, соңғы тәулікте әлемде індет жұқтырудың 62 мыңнан астам жаңа дерегі тіркелген. Олардың 37,5 мыңнан астам Еуропада анықталып отыр.Ал Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 229-ға жетті. 29 наурызға қараған түні Алматы тағы бір адамның індет жұқтырғаны белгілі болды. Оңтүстік астанамызда кеселге шалдыққандардың жалпы саны 60 адамға жетіп отыр.