Алматы облысы: "Асыл-Арман" тұрғындары карантинге жабылды (видео)

Алматы облысы: "Асыл-Арман" тұрғындары карантинге жабылды (видео)

Алматы облысы: "Асыл-Арман" тұрғындары карантинге жабылды (видео)
ашық дереккөзі
Алматы облысында тұрғын үй кешені пәтерлерінің бірінде коронавирус жұқтырған науқас анықталды. Үй кіреберісі карантинге жабылды. Бұл туралы облыстың өңірлік коммуникациялар қызметінен хабарланды.  "Асыл-Арман" ТК төртінші кіреберісінің тұрғындарына үйден шығуға, қонақ қабылдауға тыйым салынды. Осы кіреберісте тұратын жұмыс істейтін азаматтар жұмыс берушілеріне қалыптасқан жағдай туралы ескертуі керек. 
Еске сала кетейік, 28 наурызда Алматы облысында коронавирус жұқтырған үш адам тіркелді. Біріншісі –  63 жастағы әйел, Іле ауданының провизорлық ауруханасында карантинде жатқан. Екіншісі Жамбыл ауданына Оңтүстік Кореядан ұшып келген 1997 жылғы қыз. Үшінші пациент – Қарасай ауданының 1995 жылғы тұрғыны. Ол жүктіліктің 21-ші аптасында. Қазір науқастардың барлығы Қарасай ауданының жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап жатыр.
Әкімдік дерегінше, дезинфекциялық жұмыстар Жамбыл ауданындағы Аққайнар ауылында, Іле ауданындағы Көкқайнар ауылында, Қарасай ауданындағы Іргелі ауылында жүргізіледі. Билік бұл елді мекен тұрғындарынан түсіністік танытып, тыныштық сақтауды сұрады. https://www.youtube.com/watch?v=5rHvMRIZOlY